Жоғалу қатері төнген қолөнерді сақтау үшін 48 мың адам оқытылады
Жоғалу қатері төнген қолөнерді сақтау үшін 48 мың адам оқытылады
8 күн бұрын 654 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2022 мен 2024 жылдар аралығында Марокко 48,325 жас жігіт пен қызды бабадан мұра болып қалған қолөнердің қыр-сырына оқытып, жойылып кету қаупі төнген саланы сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа қалуын көздейтін  ұлттық шара жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастама аталған араб елінің қолөнер министрлігі көтеріп, ЮНЕСКО қолдауымен жүзеге асырылуда. Осылайша материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және жас қолөнершілерді экономикаға интеграциялауға бағытталған қадам қолға алынды. Марокко билігі мұнымен ғана шектеліп қалмай, ағаш, тері, керамика, тоқыма, металл өңдеу салалары бойынша 32 қолөнердің цифрлық құжатын әзірледі. Almaalem платформасы аталмыш бастамааясында жастарды қолөнерге баулу шарасына қолдау білдіріп отыр. Менторлық модел бойынша шебер қолөнершілер жастарды кафтандарды кестелеу, дәстүрлі шатырды тоқу және ер-тоқым жасау сияқты сирек дағдыларға үйретеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3