|
Жол шетінде намаз оқығандарға айыппұл салынады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде жол шетінде намаз оқығандарға 136 доллар мөлшерінде айыппұл салынатын болды. Аталмыш ел билігінің мұндай қадамға баруына жол-көлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндігі түрткі болған. Нақтырақ айтқанда, Дубай қаласының жол қозғалысы полиция департаментінің директоры автомагистралде көлік апатының алдын алу үшін осындай шешім қабылдағандарын жеткізді. Сондай-ақ, жол шетінде намаз оқуға өткен демалыс күні Sheikh Mohammad Bin Zayed Road тасжолында орын алған оқыс оқиғадан кейін ел билігі дереу жол шетінде намаз оқуға тыйым салды. Айта кетейік, аталған тасжолдың шетінде намаз оқып тұрғандарға автокөлік барып соқтығысқан. Жол шетінде намаз оқыған алты адамның үшеуі ауыр жарақат алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды