|
Жұлдыздар Құран оқудан жарысқа түсуде
|
Қырғыз эстрадасының жұлдыздары қасиетті Құранды оқудан жарысуда. Бұл эстафетаны елге танымал әнші бастап берді. Турдакун Ниязалиев есімді әнші Құран оқығанын таспаға тартып алып, Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасына жүктепті. Келесі кезекті басқа әншіге берген. Бұл жайында «Спутник» ақпарат көзі хабар таратты. «Мен эстафетаны бастама көтеріп, әншілер арасында осы жарысты ұйымдастырған Талант Канатбекуулудан қабылдап алдым. Әрине, бұл Құран оқуға деген ынтамызды оятып, бізге шабыт сыйлады. Енді мен эстафетаны Омар Жанышевқа табыстаймын»,- деп жазыпты Турдакун Ниязалиев өзінің Facebook парақшасында. Сондай-ақ, ол өздерін сөгіп, сөз етпеуін сұраған екен, өйткені, олар қари еместігін ескерткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)