«Жұмсақ күшпен» ықпал ету рейтингісінде алғашқы ондық құрамына бір араб елі енді
«Жұмсақ күшпен» ықпал ету рейтингісінде алғашқы ондық құрамына бір араб елі енді
2 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2026 жылы Біріккен Араб Әмірлігі Brand Finance консалтингтік компаниясы түзген рейтингісіне (Global Soft Power Index) сәйкес “жұмсақ күш” көрсеткіші бойынша әлемнің ең ықпалды он мемлекеттің қатарынан көрінді. Осымен төртінші рет. БАӘ аталмыш рейтингке енген жалғыз мемлекеті. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта әлемнің 193 елін 150 мыңнан аса респонденттер пікірі негізінде бағалағанда БАӘ халықаралық беделін сақтап қалған. Аталған араб елінің «жұмсақ күш» саясатында қайырымдылық жобаларымен алға шығып, ықпалын арттырған. «Біріккен Араб Әмірліктері жалпы рейтингте оныншы орынды иеленді, жомарттығы жағынан екінші орынға шыққан, болашақтағы әлеуетті экономикалық өсім бойынша үшінші орынға табан тіресе, халықаралық дипломатиялық ортадағы ықпалы бойынша сегізінші орынды иеленген», - деп жазды шейх Мұхаммед X. аккаунтында. Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар кіші санаттарында айтарлықтай ілгерілеу байқалды. БАӘ «бизнесті жүргізу жеңілдігі» өлшемі бойынша әлемде үшінші орынға, сондай-ақ, «озық технологиялар мен инновациялар» бойынша сегізінші орынға көтерілді. Бұдан басқа, БАӘ ғарышты игеруге инвестиция құюдан 10-шы орынға ие болды. 

Уикипеди электронды энциклопедиядан:  

Жұмсақ күш — бұл жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), қаланың инфрақұрылымы сияқты тұрақты күшпен (немесе қатты күш) салыстырмалы түрде айтылатын ұғым, ол бір мемлекеттің мәдениет, құндылық, әлеуметтік жүйе сияқты өзіндік дамуына әсер ететін факторларды меңзейді. Жұмсақ күш ұғымын ең алғаш Гарвард университетінің профессоры Джозеф Ни (Joseph Nye) алға тартқан және сол кезден бастап «жұмсақ күшті» зерттеу және қолдану үрдісі басталған.

Джозеф Ни жұмсақ күш ұғымын 1990 жылы «The Changing Nature of American Power» атты кітабында тұңғыш рет қолданған.

 

0 пікір
Мұрағат