Жұмыс іздеген адамнан отбасы мен жеке басына қатысты мәліметтерді сұрауға тыйым салынады
Жұмыс іздеген адамнан отбасы мен жеке басына қатысты мәліметтерді сұрауға тыйым салынады
39 минут бұрын 19 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда «Ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен тең мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұл жайында islam.kz Кабар ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғызстан республикасының президенті Садыр Жапаров қол қойған құжатта гендерлік теңдікті нығайтуға, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және еңбек саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нормалар қамтылған. Тиісті заң жобасын Жогорку Кенеш 2026 жылғы маусым айының 4-і күні қабылдады.

Заңда мынадай талаптар көзделген:

• Мемлекеттік және муниципалдық органдардың кадрлық құрамында бір жыныстағы қызметкерлер қарасы 70% -дан аспауы тиіс.

• Егер байқау қорытындысы бойынша екі үміткер - еркек пен әйел тең жағдайда өтсе, бос лауазымға осы органда саны жағынан аз жыныстың өкілі қабылдануы тиіс.

• Үш жыл бойы лауазымы бойынша жоғарылатылмаған немесе оқуға жіберілмеген қызметкер басшылықтан себептерін жазбаша түсіндіруді талап етуге құқылы.

Жұмыс берушілерге арналған шектеулер

Жұмыс берушілерге:

• бос орындар туралы хабарландыруларды орналастыру кезінде жынысы бойынша негізсіз шектеулер белгілеуге (мысалы, лауазым тек ерлерге немесе тек әйелдерге арналғанын көрсету);

• кандидаттардан олардың кәсіби дағдысымен байланысты емес, жеке өмірі, балаларының бар-жоғын, балалы болу жоспарын немесе күтімді қажет ететін отбасы мүшелерінің бар-жоғын сұрауға;

• қызметкердің отбасылық міндеттерін еңбек қатынастарын тоқтату үшін дербес негіз ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Жұмыс беруші отбасы бар қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып, жұмыс орындарын ұйымдастыруға міндетті.

Жауапкершілік және дәлел ұсыну тәртібі

Егер адам жұмыс орнында қандай да бір кемсітушіліктің болғанына растауға негіз болатын фактілерді ұсынса, керісінше дәлелдеу міндеті арызды қараушы тарапқа жүктеледі.

Егер сот гендерлік кемсітушілік фактісін анықтаса, жұмыс беруші жұмысқа орналасудан заңсыз бас тартылған адамды жұмысқа қабылдауға не жұмыстан заңсыз босатылған қызметкердің қызметке қабылдауға міндетті болады. Сондай-ақ, зардап шегушіге моралдық және материалдық залал өтеледі.

Қылмыстық кодекстің 189-бабына өзгерістер енгізілді. Адамның жыныстық белгісі немесе басқа да белгілері бойынша құқығын бұзғаны үшін, сондай-ақ, құқықтарды іске асыруға кедергі келтіргені үшін айыппұл санкциялары немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

0 пікір
Мұрағат