|
ЖҰМЫСҚА ТЕК МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІН ҚАБЫЛДАУҒА КЕҢЕС БЕРІП ОТЫР
|
Малайзия елінің Иммиграция департаменті жергілікті тұрғындарға үй қызметшісі және бала күтуші етіп тек мұсылман әйелдерін қабылдауға нұсқау (директива) беріп отыр. Аталмыш құжат елдегі мұсылман емес жандар мен гастербайтерлердің наразылығын тудырған. Олардың айтуынша, бұл нұсқаулық жұмыс беруші мен жұмысқа жалданушылр арасында таңдау құқығына кері әсерін тигізеді-мыс.
Алайда, басқарма өкілдері бұл құжаттың ешқандай тыйымдық күші жоқ екендігін, тек бар болғаны нұсқаулық екенін ескертіп отыр. «Азаматтардың жеке таңдау құқығына ешкім тыйым салып отырған жоқ. Бұл тек нұсқаулық қана», – дейді департамент басшысы Мұстафар Әлі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)