|
Жыл сайын ауаның ластануынан 600 мың сәби көз жұмады
|
Әлемдегі әрбір жетінші бала ластанған ауамен тыныс алады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры мәлімдеді.
Сондай-ақ, баяндамада 300 миллионға жуық бала осылай күн кешіп отырғаны айтылған. Соның салдарынан жыл сайын әлемде 5 жасқа дейінгі 600 мың сәби түрлі ауруға шалдығып, көз жұмады. Лас ауа кішкентайлардың өкпесіне ғана әсер етпей, олардың миының дамуын тежейтін көрінеді. Ал қоршаған орта зауыттар, электростанциялар және көліктердің қолданатын жанар-жағармайы мен қоқыстарды жағудан бүлінеді екен. Сондықтан, Халықаралық ұйым осы мақсатта қолданатын пайдалы қазбаларды азайтып, күн мен жел күшіне негізделген жасыл энергияға бет бұруға шақырып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты