|
Жылына жасы келіп өлгендерден 200-дей қарт адамның сүйегі пәтерінде жатып қалады
|
Шведтердің Fria Tider мерзімді басылымы таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, жасы егде тартқан шведтердің көбісі туған-туысқандарымен немесе балаларымен араласпайды, бөлек тұрады. Соның кесірінен жалғыз өлетін қарттардың қарасы жылдан жылға артып келеді. Жыл сайын орташа есеппен пәтерлерден 200 қарияның сүйегі табылып жатады. Полиция мен әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен. Олардың мүрделері пәтерінде бірнеше ай бойы, кей жағдайда жарты жылға дейін көмусіз жатады. Пәтер есіктері берік әрі тығыз жабылатындықтан мүрделердің иісі сыртқа шықпайды. Бұл жайында Матс Кеми есімді тергеуші айтып берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы