Кабулдың су ресурсы бес жылда мүлдем таусылады
Кабулдың су ресурсы бес жылда мүлдем таусылады
4 ай бұрын 555 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан астанасы 2030 жылы су ресурсы толық таусылатын әлемдегі ең алғашқы қала атанады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Mercy Corps халықаралық ұйымның баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес соңғы он жылда Кабулдағы жерасты суының деңгейі 30 метрге төмендеп кеткен. Бұған ең алдымен қала тұрғындарының көбейгені және жаһандық жылынуға байланысты суға деген сұраныстың артқаны себеп болған. Қазірдің өзінде қаладағы құдықтардың шамамен 50%-ы тартылып қалған. Жыл сайынңы су тапшылығы 44 млн текше метрді құрайды – бұл көрсеткіш су қорының табиғи жолмен қалпына келу деңгейінен едәуір жоғары. Бір саусақ санындай жылда Кабулдың 7 млн тұрғыны ауызсусыз қалады. Салдары да ауыр: қала халқы өзге өңірлерге қоныс аударады әрі көші-қон қарқын алады. Бұған қоса, Кабулдағы жерасты суының 80%-ы мышьяпен және сарқынды сумен ластанған. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 70%-дан астамы коомуналдық қызметке қарызы төленбеген. Кейбір отбасылар табысының үштен бірін суға жұмсауға мәжбүр. Кабулда су бизнесі өркендеп келеді. Бұрын қала тұрғындары 500 ауған ақшасын 10 күн сайын төлесе, бүгінде әр он күн сайын 1000 ауған ақшасын төлеуге мәжбүр.

0 пікір
Мұрағат