Кәрі құрлықтан литидің мол қоры табылды
Кәрі құрлықтан литидің мол қоры табылды
2 ай бұрын 454 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Neptune Energy компаниясы немістердің Саксония-Анхальт жеріндегі Альтмарк аймағынан литидің аса ірі қоры бар кенішті тапқандарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Bild таблоидіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық, сарапшылардың пікірінше, табиғатта сирек кездесетін металдардың жаһандық нарығындағы ойын ережесін едәуір өзгертуге ықпал етпек. Электрмен жүретін автокөліктерде, смартфондарда, планшетте, т.б. гаджеттер мен осы заманғы озық технологияда кеңінен қолданылатын аталмыш металл немістердің автокөлік өнеркәсібінде маңызды рөл ойнайтын болады. Бұл кеніште лития карбонатына эквивалентті 43 млн тонна қор жатыр. Яғни, әлемдегі ең ірі лития кен орындарының біріне айналмақ. Бұл кеніштен лития өндірісі әдеттегі ескі әдіспен емес, тың тәсілмен жүргізіледі. Тереңнен термалды суды жер бетіне сорып шығарылады, ал лития сүзгіден өткен соң су кері айдалады. IW Consult компаниясының есебіне сәйкес «жоба толық іске асырылған жағдайда Германия бойынша 2025 жылдан бастап 2042 жылға дейінгі кезеңде әлеуетті жалпы қосылған құн 6,4 миллиард еуроны құрайды». Бұл шама 1,5 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат