Катар әлемнің 80 еліне визаны жойды
Катар әлемнің 80 еліне визаны жойды
8 жыл бұрын 3700 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Катар билігі әлемнің 80 елінің азаматтарына виза аштырмай-ақ келуіне жағдай жасады. Бұл жайында катарлық әуе желісінің атқарушы директоры Әкбар әл-Бәкір мен туризм жөніндегі департамент жетекшісі Хассан әл-Ибрагим мәлім етті. Осы тақырыпта өткен арнайы баспасөз мәслихатында. Осылайша, аталған ел туристерді көптеп тартуды көздеп отыр. Осыған дейін бұл ел виза мәселесінде қатаң тәртіп орнатқан ел болатын. Ендігі жерде Катарға барғыңыз келсе, тек шетелдік төлқұжатыңызды көрсетсеңіз болғаны. Шетелдік төлқұжатыңыздың мерзімі өтіп кетпесе, аталмыш елге емін-еркін кіре аласыз. Тарқатып айтқанда, әлемнің 33 елінің азаматтары бұл елде 180 күн визасыз жүре алады. Әлемнің 47 елі, соның ішінде, қазақстандықтар да бар, визасыз 30 күн жүре алады аталған ел аумағында. Сондай-ақ, 47 елдің азаматтары тағы бір айға визасыз жүруіне рұқсат ала алады. 

0 пікір
Мұрағат