Катар да қатардан қалғысы келмейді...
Катар да қатардан қалғысы келмейді...
1 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Араб түбегінің бір пұшпағында орын тепкен осынау шағын мемлекет те Таяу Шығыс аймағындағы трендтен қалмай, кәсіпкерлер мен топ-менеджерлерді тартуға арналған, 10 жылға шақталған резиденттік бағдарламасын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Ел экономикасын өркендету мақсатында қолға алынған жоба премьер-министр Мұхаммед бен Әбдірахман әл Танидің өз аузымен айтылды. Таяу Шығыстың екі негізгі елі, атап айтқанда, Саудия, Біріккен Араб Әмірліктері экономикасын әртараптандыру бағытында ұзақ мерзімге арналған визаларын іске қосқан болатын. Білікті мамандар мен инвесторларды тарту үшін. Бұған қоса, Катар экожүйе стартаптарына қолдау білдіреді. Qatar Investment Authority қоры венчурлық бағдарламасын 2 млрд долларға ұлғайтуға шешім қабылдады. Бастапқыда 1 млрд доллар капиталмен іске қосылған “Қорлардың қоры” халықаралық венчурлық фирмаларды елге тарту, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру, экономиканы әртараптандыру мақсатында құрылған болатын. Катар негізінде мұнай емес, газ экспортына тәуелді мемлекет. Катар билігінің мұндай қадамы Парсы гығанағы елдері арасындағы капитал үшін бәсекелестікті күшейтеді.

0 пікір
Мұрағат