|
Катардың қатаң ескертуі!
|
Биыл Катарда әлем чемпионаты өтеді. Аталған араб елінің билігі әлемнің әр түкпірінен ағылып келетін жанкүйерлер мен туристерге осынау төрткүл дүниені елеңдететін дүбірлі дода кезінде елдегі шариғат талаптарын сақтауға үндеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Катар аумағында некеден тыс төсек қатынасына, яғни, зина жасауға, сондай-ақ, ішімдік ішуге қатаң тыйым салады. Зина жасап қолға түскендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сөз орайы келгенде Катар жерінде әлем чемптонаты қараша айының 21-і күні басталып, желтоқсанның 18-де жабылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді