|
Кедейлерді тегін тұрғын үймен қамтамасыз етеді
|
Тұрғын үйге қатысты жаңа саясатқа байланысты Дубайда тұрмысы төмен тұрғындар тегін баспанамен қамтамасыз етіледі. Жаңа заң Біріккен Араб Әмірлігінің осы елдің тумасына да, тумасы емесіне де қатысты. Тек мұқтаж жандар санатына жататындары ғана тегін баспағана қол жеткізе алады. Мұндай жағдайда мұқтаж жандар қалай анықталады? Олардың отбасылық табыс деңгейі, тұрғылықты орны, мемлекеттен жәрдемақы алатыны, т.б. талаптар ескерілетін болады. Бұған қоса, аталған елде әлеуметтік жауапкершілік мәселелерімен шұғылданатын арнайы жұмысшы тобы құрылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс