Кейуанаға жұдырық жұмсады (Видео 18+)
Кейуанаға жұдырық жұмсады (Видео 18+)
10 жыл бұрын 3691

Ресей Федерациясының Сызрани елді-мекеніндегі «Пятерочка» дүкенінде орын алған бұл оқыс жағдай елдің жағасын ұстатып, ашу-ызасын тудырды. Кейуанаға жұдырық жұмсап, шалқасынан түсірген жас жігітті былайғы жұрт мысқылдап: «Жирен шашты Тайсон» атап кетті. Өзінің анасынан үлкен кейуананы маркеттегі кассаның жанында тұрған жігіт бір соққымен қалпақтай ұшырған. Осы келеңсіздікке куә болған сол жердегілердің бірде-біреуінің «күші тасыған» жігітке «Әй, мұның қалай?» деп жөнге шақырмағаны да елдің ашу-ызасын тудырды. Бұл оқыс оқиға қыркүйек айының 4-і күні орын алған. Алайда, бұл туралы ақпарат енді белгілі болып отыр. Ол ол ма, жәбірленуші жақ полицияға көрген қорлығын айтып, арыз түсірген екен. Айдың-күннің аманында таяқ жеп қалған Нина Алексеевнаны жолдасы Анатолий Тулупова сол мұнар күнді былай еске алады: «Жарақатты емдейтін пунктен шыққаннан кейін бірден Киров көшесіндегі 7А нөмірлі үйге бардық полиция бөлімшесіне шағым түсіру үшін. Олар мысқылдай сөйлеп, арыз жазудан қайыр жоғын жеткізді. Бәрібір табылмайды деген сылтаумен. Әйтеуір арызды бірдеңе етіп қабылдады. Олар мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емесін айтып, бәлкім, сіздерге солай көрінген шығар» деп жәбірленушілердің өздерін күлкіге айналдырған. Ал 61 жастағы кейуана жігіттің өзіне кенеттен тап бергенін есіне алды. Ол онымен тілдеспегенін, онымен таныс еместігін айтып, оның неліктен мұндай қадамға барғанына таңданды.

0 пікір
Мұрағат