|
Кептеліс болдырмайтын автобус (видео)
|
Қытайлар көлік кептелісінің мәселесін шешуге таяп қалды. Себебі, мұнда жолда екі қатарда келе жатқан көліктердің үстімен емін-еркін жүріп өтетін автобус жуырда қолданысқа берілмек. Жалпы, бұл автобус порталды кранға ұқсап құрастырылды. Автобустың қос бүйірінде тіреуіштері бар және ол көлік жолдарының шетіндегі арнайы рельстермен жүреді. Осы кезде автобустың корпусы жолдан жоғары тұрып, оның астымен көліктер өте береді. Порталды автобустың астына екі қатар болып бара жатқан көліктер сыйып кетеді. Ерекше жолаушылар көлігінің сыйымдылығы – 1200 адам. Адамдар оған автоматты түрде сыртқа шығарылатын баспалдақпен мініп, салонға кіріп отыра алады. Автобус сынағы жылдың екінші жартысында басталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады