|
Колизейдің қабырғасына жазу жазған ресейлік азамат түрмеге қамалды
|
Римдегі әйгілі Колизейдің қабырғасына "К" деген әріп жазған ресейлік турист төрт айға түрмеге қамалды. Сонымен қатар, Римнің қалалық соты оған 4 ай көлемінде 20 мың еуро айыппұл төлеуді міндеттеді.
Тарихи мұраны бүлдірген вандалдың есімі - Казбек Акаев.
Ресейлік азамат 21 қараша күні қолға түскен болатын. Ол Колизейдің қабырғаларының біріне "К" деген әріпті таспен қашап жазған. Әріптің биіктігі 25 сантиметр, ені 17 сантиметр. Оның вандалдық әрекетін тарихи орынның қызметкері байқап қалып, полицейлерді шақырған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды