|
Көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысты кім айтқан?
|
Қырғызстанның шеткі аудандарының бірінің тұрғыны ел үкіметіне көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысын жеткізіпті. Бұл қырғыз ұлтының тұқымының тұздай құрып кетуінің алдын алады деген пайдалы жағын да тілге тиек етіпті әлгі ақсақал. Бұл туралы stanradar.com хабарлайды.
Ақсақалдың айтуынша: "Көптеген әдемі қырғыз қыздары шетелге келін боп жатады. Ал, бұл дегеніміз көп ұзамай шетелдік жиендеріміз көбейеді деген сөз". Қарияны осы жағы алаңдататын көрінеді. Сондай-ақ, бұл күрделі мәселені шешудің бірден-бір жолы көп әйел алуды заңдастыру екендігін алға тартады.
Сондағы үкіметтің ақсақалға берген жауабы мынау болыпты: "Елімізде көп әйелі бар азаматтар онсыз да көп. Мәселе заңда емес, тәрбиеде болып тұр".
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
Моңғолиядан келген қандастардың жалпы еңбек өтілі енді Қазақстанда есепке алынады
■
Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
■
Биылғы ең ықпалды 10 мемлекет аталды
■
Зорлық-зомбылықтан өлім-жітім азайып келеді