|
Көп ретті виза қажетті қызметтерді брондау процедурасынан құтқармайды
|
Қажылық және ұмра министрлiгi қолданыстағы көп мәртелiк визаның әрбiр сапарға пакет пен рұқсатты брондау қажеттiлiгiн жоймайтынын мәлiмдедi. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қажылық және ұмра министрлігі бірнеше мәрте Ұмра визасы бар қасиетті сапарға шығатындарға ұмраның лицензияланған жеткізушілерінен қызметтер пакетін брондау ережелерін сақтауды тарпсырды. Осы орайда аталмыш министрліктің Ұмраның көп мәртелік визасын өткен жылдың шілде айында іске қосқанын айта кетпекпіз. Бұл виза берiлген күннен бастап 365 күн iшiнде, визаның қолданылу мерзiмi бойынша 90 күнге дейiн бірнеше рет қасиетті сапарға шығуға мүмкiндiк бередi. Визаны пайдалану тәртібі әрбір сапар үшін Nusuk жүйесі арқылы мақұлданған провайдерден қызметтер пакетін сатып алуды ұйғарады. Пакеттің қолданылу мерзімі виза бойынша қалған уақыттан аспауы тиіс. Барлық қажы бағдарламалар мен оларға көрсетiлетiн қызметтердiң ұзақтығын қамтитын ережелердi сақтауы тиiс. Сауд Арабиясына виза бойынша келу үшін келгенге дейін Nusuk қосымшасы арқылы ұмраға рұқсат талап етіледі. Рұқсаттарды беру күндері мақұлданған қызметтер пакетінің күндерімен сәйкес келуі тиіс. Қажылар да жол жүру және кіру құқығының барлық талаптарының, соның ішінде денсаулығының жарамдылығына қатысты талап үддесінен шығуы керек. Бірінші сапардың процесі Nusuk платформасындағы қызмет ұсынатындардың бірінен қызметтер пакетін сатып алудан басталады. Содан кейін виза алуға өтініш беріп, тиісті органдарда ресімдеуден өтеді. Ұшаққа отырғызу алдында жол жүру құқығы тексеріледі. Кіру туралы деректер келу кезінде жазылады және келудің қалған кезеңінің есебін қоса алғанда шығу кезінде жаңартылады