Корейлердің жерлеу стартапы өз позициясын нығайтып келеді
Корейлердің жерлеу стартапы өз позициясын нығайтып келеді
2 ай бұрын 643 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяның жерлеу нарығындағы цифрлы қызметты ұсынатын стартаптардың танымалдылығы артып келеді. Бүгінде 10 трлн вонға (шамамен 7,3 млрд долларға) жеткен аталмыш қызмет алдын ала төлем арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі жерлеу қызметінен айрықшаланады. Дәлірегі, жерлеу бизнесінің баламасы ретінде алға шығып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, жерлеу нарығындағы бұл жаңа ойыншылар табысы жағынан да, брнед танымалдылығы жағынан да кәдімгі жерлеу қызметін ұсынатын фирмалардан асып кеткен жоқ. Солай десек те цифрлы жерлеу қызметі инвесторлар тарапынан да, тұтугылар тарапынан да қызығушылық артып келеді. Түсінікті болу үшін осы жаңа нарықтағы белді онйыншыларға айналып үлгерген екі стартап туралы аз-кем тоқтала кетпекпіз: Samga стартапы аза гүлдері ұсынып қана қоймай, сонымен бірге, қазанама жөніндегі хабарламалармен интеграцияланған, ал Iris Funeral қайтқан адамдар үшін жерлеу жөн-жоралғыларын басқару жүйелерін және жерлеу операцияларын жақсартуға бағытталған кеңес беру қызметтерін ұсынады. 2023 жылы Samga табысы шамамен 6,7 миллиард вонға жетсе, ал Iris Funeral стартапы шамамен 4,2 миллиард вон пайда көрген. Бұл саланың (жерлеу бизнесі – ред.) ерекшелігін ескерсек, дүние салған адамды ақтық сапарға шығарып салумен байланысты шығындарын есептемегенде бейіттермен ынтымақтастықты қажет ететін (мәйітті жер қойнына тапсыратын немесе күлін қоятын мазар – ред.), сондай-ақ, ақтық сапарға шығарып салуда пайдаланылатын ғимараттарды жалға алумен байланысты шығындары бар. Мұндай жөн-жоралғыларға кететін шығын 100-600 млн вон аралығында. Осы шығындарға қарамастан бұл бизнес өркен жайып келеді. Жерлеу нарығында қызмет ақысы алдын ала төленетін жерлеу шараларының ауқымы 10 триллион вонға дейін артқанына қарамастан, стартаптар бұрынғысынша нарықтың жалпы үлесінің аз ғана үлесін алады. Жерлеу нарығында әбден орныққан, көш бастаған Preedlife сияқты алыптарға өткен жылы алдын ала 2,23 трлн вон төленгені және  276,5 млрд вон пайда көргені туралы хабар тараған еді. Одан кейін Boram People (алдын ала төлемі - 1,5 трлн вон және түсімі - 120,9 млрд вон) және Kyowon Life (тиісінше 1,33 трлн вон және 125,5 млрд вон). Daemyung Station және The-K Yedaham компаниясын қоса ескергенде осы бес фирмаға сектордың жалпы табысының 75 пайызы тиесілі. Осы орайда бұл нарықтағы мына жайтты ескере кеткен жөн: қазіргі уақытта жерлеу қызметтеріне тапсырыс беретіндердің орташа жасы 60-50 жастағылар, олар цифрлы қызмет түрлерін біле бермейді, яғни, цифрлы сауаттылығы төмен. Есесіне, цифрлы сауаатты жастар кейін цифрлы жерлеу қызметіне жүгінетін болады. Міне, сол кезде бұл нарықтың жаңа ойыншылары ірі табыс табатын болады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3