Кореяда виртуалды активтің қандай шартпен несиеге берілетіні нақтыланды
Кореяда виртуалды активтің қандай шартпен несиеге берілетіні нақтыланды
3 ай бұрын 1057 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таңғы шық елінде виртуалды активтер нарықта капиталдану (айналымдағы мөлшеріне қарай) ауқымына қарай алдыңғы 20 виртуалды актив құрамына кіретін болса, сауда-саттықта корейлердің төл ақшасымен есеп айырысуға келетін (ұлттық валютасы – вон қолдайтын) және үш немесе одан көп биржасы арқылы саудалауға болатын жағдайда ғана несие ретінде беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO (Upstage Solar AI компаниясының аудармасымен берілген жаңалыққа) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, “несиені көтере алатын”, яғни, төлей алатындай мөлшерде шектелген – бағасынан бұрын оның қамтамасыз етілгендегіне қарайды – бір адамға ары кеткенде 70 000 000 вонға дейінгі мөлшерде ғана беріледі. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің қаржылық қызметтер жөніндегі комиссия мен қаржылық қадағалау қызметі осы шараларды (шарттарды) қоса алғанда, виртуалды активтермен несиелеу  қызметтері үшін басшылыққа алынатын қағидаттарды жариялады. Биржалар қолма-қол ақшаны немесе басқа да виртуалды активтерді кепіл ретінде пайдалана отырып, белгілі бір виртуалды активтерді қарызға алады, десе де бұл қызметтегі бәсекелестік күшейіп, тұтынушыларға зиян келу қаупі тудырғандықтан қаржы билігі өткен айдың 18-інде виртуалды активтермен несие беру қызметтерін уақытша тоқтатуды сұрады. Осыдан кейін басшылық қағидаттарды әзірлеу үшін цифрлық активтерды алмасу жөніндегі бірлескен кеңес органнан (DAXA) және тиісті мекемелерден арнайы топ (TF) құрылды немесе жасақталды. Қадағалаушы орган несиеге берілуі тиіс виртуалды активтердің мөлшерін шектеуі мүмкін: виртуалды активтің қамтамасыз етілуін назарға алу үшін күмәнді сауда операцияларында пайдаланылса мөлшерін шектейтіні турасында сөз болып отыр бұл арада. Сондай-ақ виртуалды активтерді иеленетін жеке тұлғаларға «несиені көтере алатын» қызметтерін ұсынуға тыйым салды және қарыз алу сәтіндегі бағасы бойынша өтеуді талап ететін «ақшалай кредит беру қызметтеріне» тыйым салды. Кредиттік лимиттер кезең-кезеңмен, 30 000 000-нан 70 000 000 корей вонына дейінгі диапазонда белгіленетін болады, бұл ретте биржалар осы диапазон шегінде егжей-тегжейлі лимиттерді айқындайтын болады. Қаржы органдары осы басшылық қағидаттардың практикалық нәтижелерi негiзiнде заңнама қабылдауды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат