|
Королдің демалысы. Қанша млн доллар жұмсалды?
|
Сауд арабиясының королі Салман ибн Әбдіәзіз әл-Сауд Мароккодағы жазғы демалысына 100 млн доллар жұмсады. Корол мен оның нөкерлерін Танжера әуежайында аталмыш елдің премьер-министрі Саадеддин Отманидің өзі ұарсы алды. Королге демалыс уақытында мыңнан аса адам еріп жүрді. Королдің кеңесшілері мен министрлер және туған-туыстары қаланың ең қымбат қонақ үйіне түсті. Королдің Мароккадағы демалысына жұмсалған қаражат күллі Африка құрлығындағы мемлекеттердің тіристік саласынан түсетін жылдық табыстың 1,5%-ын құраған екен. Танжера қаласында королге тұтас тұрғын үй кешені тиесілі - жалпы ауданы шамамен 30 гектарды алып жатыр. Бұл кешенде королдің сарайынан бөлек меймандардың көңілін көтеруге арналған шатырлар мен мейрамханалар, тікұшақтың ұшуына және қонуына арналған алаң. емхана бар.Айта кетейік, Саудия королінің Франция астанасы - Париж қаласында, Лазурлы жағалауда, сондай-ақ, Испанияның Марбеласында элиталық жылжымайтын мүліктері бар. Десе де королдің жазғы демалысын өткізетін жақсы көретін орны - Марокко.