|
Короновирусқа қарсы екпені насихаттау имамдарға жүктеледі
|
Саудия билігі ел аумағындағы барлық мешітке алдағы жұмадағы уағызда тәжді тажалға қарсы екпені насихаттауға тапсырма берді. Бұл жайында islam.kz порталы GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған араб елінің имамдары жамағатына күллі әлемді шарпыған жұқпалы індетке қарсы екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігін сөз етуі тиіс. Саудияның ислам істері жөніндегі министрлігі құтпада екпені насихаттауға қатысты нұсқаулықты таратты. Осы орайда желтоқсан айында Саудия аумағында Pfizer-BioNTech екпесін жаппай салу басталған болатын. Өткен жұмада тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман вирусқа қарсы екпе салдырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)