Көрші ел балалар мен мүгедектерге жыныстық жәбір көрсеткендерге жазаны күшейтті
Көрші ел балалар мен мүгедектерге жыныстық жәбір көрсеткендерге жазаны күшейтті
10 ай бұрын 1551 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров ақпан айының 20-ы күні «Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексі, Қырғыз Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі) өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы kg.akipress.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын Жогорку Кенеш (Жлғарғы кеңес) 2025 жылдың қаңтар айының 23+і күні қабылданды. Бұл заң балалардың да, ерекше қажеттілігі бар жандардың да өмiр сүру құқығы мен жыныстық зорлық-зомбылықтанқорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және қабылданды. Заңда Қырғыз республикасының қылмыстық кодексіне мынадай мазмұндағы түзетулер енгізіледі:

1) балалар мен кемтарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіріп және жыныстық зорлық-зомбылыққа қызмет бабын немесе лауазымын пайдаланып қасақана қылмысқа барғандар үшін қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымды қызмет атқаруына сотпен тыйым салынады;

2) мүгедектермен балалардың өмірі мен жыныстық өміріне қол сұққаны үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын жазасынан босатуға жол берілмейді;

3) Алпыс жасқа толғандар мұндай қылмысқа барса (яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалардың өмірі мен жыныстық өміріне қол сұғу) өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін;

Сондай-ақ, Қырғыз республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілетін өзгерістерге сәйкес сот баланың немесе мүгедектің жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық еркіндігіне қарсы қылмыстарды қоспағанда, егер үкім шығарылатын сәтте:

1)     жазасын өтеуге кедергі келтіретін ауыр сыртқаты бар;

2)     осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі әлдеқашан өтіп кетсе;

ондай адамға айып тағылғанымен жаза тағайындалмайды.

0 пікір
Мұрағат