|
Көрші елдегі мал басы 58 млн-нан асты
|
Моңғолияның ұлттық статистикалық комиеті мал санағының алдын ала алынған нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде MiddleAsianNews ақпарат көзіне жөн сілтеген CentralAsia сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы мәлімет бойынша аталған ел аумағында 58,1 млн мал басы бар. Тарихта осымен екінші рет үлкен көрсеткішке жеткен елде жылқы қарасы 5,1 млн -ды құрады, ал ірі қара саны – 5,4 млн; түйе – 501,3 мың; қой – 23,9 млн; ешкі – 23,2 млн. (Дегенмен, Моңғолиядағы мал басы 2020 жылы 67 млн-ға жеткенін айта кетпекпіз). Осылайша төрт түлігі сай елдің азық-түлік қауіпсіздігі артқан. Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі келтірген дерекке қарағанда мал басы ішкі сұранысты да, экспортты толық қамтамасыз етуге жетеді. Моңғолдар жылына 14 млн малды тұтынады (ет өнімі ретінде).