Көрші елдің банкі шариғат талаптарына сай брокерлік шот ашты
Көрші елдің банкі шариғат талаптарына сай брокерлік шот ашты
1 ай бұрын 506 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Михаил Терещенко / ТАСС

Ресей Федерациясындағы Т-банк жаңа ислами қаржы өнімін ұсынды – шариғат талаптарына сай брокерлік шот. Бұл қызмет клиенттерге халал активтерге инвестиция құюға мүмкіндік береді. Яғни, исламға жат опцион, фьючерс, облигация, артықшылығы бар акциялар секілді қаржы құралдары кездеспейтін қаржылық өнім. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Татарстан муфтиятының баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік бұл қаржы өнімі AAOIFI халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілді - ислам принциптеріне сәйкестігі Татарстан және Шешен республикаларының мұсылмандар діни басқармаларының ғұламалар кеңесімен расталған. Жаңа брокерлік есепшотқа қол жеткізу үшін 2024 жылдың қазан айында іске қосылған Т-Банктың исламдық дебет картасын рәсімдеу қажет. Әдеттегі брокерлік есепшоты бар, алайда, оны ислам принциптеріне көшіруге ниетті клиенттер банктың қолдау қызметіне қайта рәсімдеу үшін жүгінуі мүмкін. Т-Банк халал қаржы қызметтерінің қатарын кеңейтуін жалғастыруда. Жақын арада исламдық стриктер, мурабаха (халал бойынша бөліп төлеу) және шариғат талаптарына сәйкес келетін премиум қызметін көрсету жоспарланып отыр.

Брокерлік шот – акциялар, облигациялар, ЕТФ және инвестициялық пай қорлары сияқты әртүрлі бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін қаржылық шоттың түрі.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6