|
Көрші елдің сарбаздары кітап оқып, әскери қызмет мерзімін қысқарта алады
|
Заң жобасына сай, республикалық кітап оқу байқауында жоғары нәтиже көрсеткендерге жеңілдік қарастырылған.
Осылайша, Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы әскери қызметті өтеу тәртібін жетілдіруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сарбаздар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы әскери қызмет мерзімін 1 айға қысқарта алады.
– Бұл қадам әскери қызметшілер арасында кітап оқуды насихаттауға, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар, сарбаздардың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Құжат ұшқыштар даярлайтын отандық және шетелдік жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен жаңа келісімшарт жасасудың құқықтық негіздерін айқындауды көздейді, – делінген ресми хабарламада.
Осыған дейін Өзбекстан Сенаты кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін қысқартуды көздейтін заң жобасын мақұлдаған еді. Онда "әрбір оқылған кітап үшін жаза мерзімі үш күнге қысқартылады" деп жазылған.
Жаза кеткен жөн, Қазақстан Қарулы күштерінде де кітап оқу мәдениетін дамыту және қалыптастыруға бағытталған талаптар бар.
Яғни, әрбір сарбаз мерзімді әскери қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуға міндетті саналады.