Криптовалютаның арқасында жаңа 15 мың миллионер пайда болады
Криптовалютаның арқасында жаңа 15 мың миллионер пайда болады
4 ай бұрын 1035 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шілде айында криптовалюта және қаржы активтері бойынша хабар тарататын Finbold дерек көзінің жариялаған есебіне сәйкес 15 000 биткоин қожайыны Доналд Трамп президенттігінің басынан бері миллионер атанды. Бұл жайында islam.kz порталы StarsInsider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы көрсеткіш жарты жылда 9% -ға өскен, яғни, осы уақытқа дейін биткоинге ие миллионерлердің жалпы саны 192 000-нан асқан. Жаңа миллионерлер ғана пайда тауып қойған жоқ, сонымен бірге, құны 10 миллион доллардан асатын биткойндары бар ірі инвесторлар сол кезеңде активтерінің 16% -ға өскеніне куә болды. Криптовалюта саласындағы өсімге Ақ үйдің қазіргі қожайыны Доналд Трамптың осы нарыққа қолдау көрсетуі мен Америка құрама штаттары сенаты қбылдаған заңнама себеп болған. Десе де cyrpto жобасын, яғни, криптовалютаға қарсы сарапшылар Доналд Трамптың бұл қадамын валютаны жекешелендіруға бағытталған деп есептейді. Сарапшылардың пікірінше, болашақта ақшаны, қаржы айналымын мемлекет емес, жекеменшік ұйымдар бақсақаратынын әрі бақылайды. Бұл – қауіпті тенденция. Дәлірегі, экономикалық үстемдік пен әлеуметтік теңсіздікке бастайтын қадам ретінде бағаланады. Осы орайда әуел баста цифрлы валюта жобасы ашықтыққа негізделген, орталықсыздандыру мақсатында қолға алынған, әдеттегі банк жүйесіне балама ретінде пайда болғанын айта кетпекпіз. Уақыт өте келе криптовалюта керісінше монополия құралына айналып барады.

0 пікір
Мұрағат