|
Кубада алғаш рет мешіт салынатын болды
|
Саудиядағы Куба елшісі Владимир Гонсалез аталған араб елінің геосаяси ахуалға байланысты ұзақ жылдар бойы әлемнен оқшауланған шағын арал мемлекет аумағында жүргізілген алғашқы мешіт құрылысын қаржыландыратынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Саудиялық тараптың осы сыйлығының арқасында бүгін біз Гаванада еліміздегі алғашқы мешітті салып жатқанымызды хабарлай аламыз», - деп мәлімдеді елші. Елшінің айтуынша, Кубадағы мұсылмандар қарасы аз. Дәлірегі, 2016 жылғы соңғы дерек бойынша мұсылмандар қарасы аталған ел тұрғындарының 0,03 пайызын ғана құраған. Осы орайда араб әлемінен Кубамен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы араб елі - Саудия екенін айта кеткіміз келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр