Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын тастап кетті
Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын тастап кетті
10 жыл бұрын 8389

Сауд Арабиясында күйеу жігіт қалыңдығын той үстінде тастап кетті. Бұған қалыңдықтың үйленсе де одан ары жұмыс істейтін ниеті барын жеткізгені түрткі болған. Тарқатып айтсақ, жергілікті Азаматтық хал актілерін тіркеу органына туыстарымен келген екі жастың (әдеп бойынша олардың аты-жөні айтылмаған - ред.) арасында кенеттен дау бұрқ ете қалады. Күйеу жігіт қалыңдығының жұмысын тастамайтынын осы неке қию рәсімі кезінде бір-ақ білген ғой. «Жағдай ушығып бара жатқан соң АХАЖ қызметкерлері олардан бұл мәселені бейбіт жолмен, яғни, өзара келісіп шешуді талап етті. Алайда, күйеу жігіттің отбасы ымыраға келмей бірден кетіп қалған», - деді куәгерлердің бірі ArabNews ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Бұл жайында аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, IslamNews порталы хабар таратты. Қалыңдықтың анасы мына масқараға төзе алмай есінен танып қалған. Ал оның ұзатылғалы отырған жерінен мынадай жағдайға тап болған қызы түні бойы көз жасын бұлап шыққан. Айта кетейік, қалыңдық бұрыннан жұмыс істеп келе жатыр. Күйеу жігіт осыдан бір жыл бұрын айттырып, қызға сырға тағып кеткен болатын. Бір қызығы, олар осы бір жылдың ішінде болашақтарын қалай құратыны жөніндегі әңгімелеспеген болып шықты. 

7 пікір
  • Ия оңай емес қызға.бірәқ өзіненде кінә бар...осы уақықа дейін айтпағаны..жұмыс жайында мәселені шешіп алу үшін..сосын ол қандай жұмыс екен тастамайтындай,күйеуі асыраймын деп тұрса жағдай жетіп тұрса..ал күйеубалаға келсек..онікіде дұрыс емес, олда неке қию кезінде емес басында шешіп алу керек еді..сосын сабырлық керек.
    10 жыл бұрын
  • Дұрыс істеген, күйеуінің ырқына көнбеген әйелді не қылады. Мен жігітті қолдап отырмын.
    10 жыл бұрын
  • Жоқ қолдауға болады..бірәқ басында ойлану керек еді той үстінде сабырсыздықпен кеткенше
    10 жыл бұрын
  • Игіліктің ерте-кеші жоқ. Қайта дер кезінде әрекет жасапты. Алайда ең абзалы неке қиярға дейін байсалдылықпен я бүк, я шік қылу еді.
    10 жыл бұрын
  • Таяқтың екі ұшы бар.
    Менің туысқан әпкем тұрмысқа шыққан соң ешқашан жұмыс істемеген, себебі жолдасы өте дүниетапқыш болатын. Алайда жездем небәрі 40 жетпей жүректен қайтыс болып кетті. Әпкем екі баламен жесір қалып, жездемнің кәсібін ары қарай жүргізе алмады. Ал ұлдары тым жас еді. Сөйтіп дүние -мүлкінен айырылып қалды.
    Әйел адамның да өзінің шұғылданатын кәсібі, ең құрығанда хоббиі болу керек.
    Өмірде әртүрлі жағдай болады. Ал жалпы алғанда асүйде тамақ жасап, бала бағып, жолдасын күткеннен артық бахыт жоқ.
    Тыраштанып қатынның дүние тапқаны құрысын.
    10 жыл бұрын
  • Әйел адамның мейлінше белсенді болғаны абзал деп ойлаймын... Бірақ күйеуіне бой ұсынуы шарт....
    10 жыл бұрын
Мұрағат