Күллі әлем бойынша жұмыссыздық белең алады
|

Биыл 53 млн жаңа жұмыс орны ашылады. Алайда, бұл көрсеткіш бұрын болжанғаннан (60 млн) көп төмен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының бірі – Халықаралық еңбек ұйымының таяуда жариялаған «Жаһандық жқмыспен қамту және әлеуметтік сала келешегі» деп аталатын баяендамасында келтірілген деректерге жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жамсай отырып мәлім етеді. Осылайша жаһандық жұмыспен қамту көрсеткіші 1,7 пайыздан 1,5 пайызға дейін төмендемек. Дәлірегі, қосымша жеті млн-дай жұмыс орны ашылмай қалады. Бұл нені білдіреді? Бұл әлемдік экономиканың кері кеткенін білдіреді. Мұндай жағымсыз сценаридің себебіне сарапшылар геосаясаттағы шиеленіс пен халықаралық сауда-саттықта олқылыққа жол берілгенін жатқызып отыр. ХЕҰ сарапшылары жұмыс орындарының қысқаруын осындай себептен көріп отыр. Осы орайда өткен жылдың желтоқсан айындағы ХЕҰ есебінде 2022 жылы бүкіл әлем бойынша еңбек мигранттарының қарасы жаһандық жұмысшы күшінің 4,7 пайызына жеткенін хабарлағанын айта кетпекпіз. Дәлірегі, аталған жылы еңбек мигранттарының саны 167,7 млн адамды құраған екен. Бұл көрсеткішті 2013 жылғысымен салыстырғанда еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға артқанын аңғаруға болады.




