|
Күншығыс елі көмір тасымалданатын жалғыз теміржолды жапты
|
Жапониядағы «Ринко-сэн» деп аталатын көмір тасымалданатын жалғыз теміржол жабылды. Кусиро қаласынан көмір тиейтін пунктті Хоккайдоға жалғайтын аталмыш теміржол 94 жыл бойы жұмыс істеген еді. Бұл теміржолдан жылына 720 тонна көмір тасымалданатын. Аталмыш теміржол Taiheiyo Coal Services & Transportation Co компаниясының иелігінде болатын. Жапондардың "Жижи" ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, бұрын аталған теміржолдың жабылуына күншығыс еліндегі көмір қорының таусылуы әрі көмір импортының арзандығы, сондай-ақ, ел билігінің энергетикалық саясатындағы өзгерістер себеп болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды