Күншығыс елі қоршаған ортаны қорғау бойынша аса маңызды стратегиялық құжат қабылдады
Күншығыс елі қоршаған ортаны қорғау бойынша аса маңызды стратегиялық құжат қабылдады
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония киім-кешек қалдығын осыдан он жыл бұрынғы деңгейімен салыстырғанда 2030 жылға дейін 25 пайызға азайтуды алдына мақмат етіп қойды. Бұл жайында islam.kz порталы Fashion Business Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша киім-кешек өндірісінен қоршаған ортаға тиетін залалды азайтуды көздейді. Күншығыс елінде бұл бастама тоқыма өндірі мен киім-кешек құнының тізбегінде пайда болатын көмірқышқыл газының атмосфераға бөлінетін мөлшерін кеміту, суды үнемдеу, т.б. үшін көтеріліп отыр. Қоршаған орта министрлігінің осы салаға қатысты есебіне сәйкес 2024 жылы Жапонияға 820 000 тоннаға жуық жаңа киім жеткізілген, олардың басым бөлігі импортталды. Есепте, сондай-ақ, жапон нарығына жеткізілетін киімдерге байланысты жыл сайын 8,38 миллиард текше метрге жуық су бояу және тасымалдау арқылы жұмсалатыны және 95 миллион тоннаға жуық көмірқышқыл газы атмосфераға бөлінетіні анықталған. Жапонияда қалдықтарды басқарудың замануи жүйелерiне қарамастан киiмдi қайта кәдеге жарату мен қайта өңдеу саласы “ақсап” тұр. 2024 жылы 560 000 тоннаға жуық киім өртелген немесе қоқыс тастайтын жерлерге жөнелтілген, олардың шамамен 90 пайызы үй шаруашылықтарына тиесілі. Экологиялық жағынан таза «циркулярлық экономикаға» тән қалдықсыз өндірісті ілгерілету үшін алдағы іс-қимыл жоспары пайдаланылған киімдерді жинау жүйесін нығайтуды, қайта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді және өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартуды қоса алғанда, бес негізгі бастаманы көздейді. Әр түрлі мүдделі тараптар үшін нақты шаралар әзірленетін болады, бұл ретте муниципалитеттер жинау көрсеткіштерін арттыруға, әсіресе мұқтаждар, үшін секонд-хенд киімін барынша арзан бағада өткізуге немесе тегін таратуға бағытталатын болады.

0 пікір
Мұрағат