|
Күншығыс елінде теріс тенденция етек алып барады
|
Жапон билігі елдегі жалғызілік жандардың көбеюімен қалай күресудің жолын таппай жүргенде енді тағы бір қиындыққа тап болды: кем дегенде 20 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар арасында ажырасу көрсеткішінің артқанына алаңдап, дабыл қаға бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Mainichi Shimbun мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті халық “сұр ажырасу” атап кеткен мұндай үрдістің себебіне үңілген ажырасу істерімен айналысатын тәжірибелі заңгерлер не дейді? Алдымен бұл сакалға жауап бермес бұрын бұл тараптағы тсатистикалық деректермен бөлісе кетсек: ең алдымен бұл істе ажырасуға мүдделі ерлерден гөрі әйелдер қарасы көп – ажырасуға өтініш берген әйелдер саны ерлерден екі есе көп. Жапония денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі келтірген мәлімет бойынша жалпы барлық жастағы ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу көрсеткіші шамамен 290 000 жұпты қамтыған 2002 жылғы рекордтық деңгейден төмендеген. Алайда, соңғы жылдары талай жылын бір шаңырақ астында өткізген ерлі-зайыптылар арасында күрт артып кеткен. “Сұр ажырасу” көрсеткіші 2020 жылы шарықтау шегіне жеткен - 21,5%. 2020 жылы өтініштердің ең көп саны наурыз айында тіркелді - 22 945, бұл көрсеткіш осы жылдың ішіндегі ажырасу фактілерінің жалпы санының 11,9%-н құрайды, одан кейін желтоқсан - 17 354 (9,0%) және қаңтар - 16 891-ден (8,7%) айларында көп тіркелген. 2024 жылғы жыл сайынғы соттың статистикалық есебі көрсеткендей, 20 жыл және одан да көп уақыт бірге өмір сүргендердің істері отбасылық соттардағы отбасылық істердің 26% -ын құрайды. Отбасылық соттар ажырасу туралы 35 720 істі қарады, оның ішінде ажырасуға өтініштің 12 334-ін күйеуі, 23 386-сын әйелі берген. Жапонияның азаматтық кодексіне сәйкес табысы жоғары жұбайы ажырасу кезінде табысы төмен жұбайына некеге тұру шығындарын төлеуге міндетті. Егде жастағылар арасындағы ажырасу себептері де әрқилы болып келеді. Солардың ішінде кеңінен тарағаны – бір-бірімен сыйыспау жатады (16 503), одан кейінгі себеп - ерлі-зайыптылардың бір-бірін азық-түлікпен, киім-кешекпен, т.б. қамтамасыз етпеген - 12 461; ал үшінші себепке келсек, психикалық қысым көрсету - 11 288.