Квтоамен қол жеткізген қажылық сапарын туысына немесе танысына беруге рұқсат етілді
Квтоамен қол жеткізген қажылық сапарын туысына немесе танысына беруге рұқсат етілді
2 ай бұрын 607 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы жыл сайын әр елдің мұсылмандар санына қарай белгілі бір орынға шақтап, квота бөледі. Бұл шара қажылық кезінде шектен тыс көп қажылардың болуына жол бермейді, яғни, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қолайсыздықтың алдын алу мақсатында осындай қадамға барады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осының негізінде әр мемлекет қажылыққа барғысы келетіндердің санын квотаға қарай реттейды. Пәкістан билігі алдын ала қажылыққа тіркеліп қойғандар арасынан қандай да бір себептермен немесе дерттен қасиетті сапарға аттана алмайтындарға жеңілдік шарасын ұсынды. Дәлірегі, қажылыққа бара алмайтындарға өзінің орнына басқа біреуді жіберуіне рұқсат етті. Бұдан бөлек, Пәкістанның дін істері жөніндегі министрлік дерегінше, қажылыққа барудан бас тартқан жағдайда қаражатын қайтарып алуға мүмкіндік бар. Тек бір шарты бар: орында себеп өтінішті көрсетілуі тиіс. Соның ішінде дертке шалдыққанын растайтын медициналық құжаты немесе қажылыққа барғысы келетін жанның қайтыс болғаны туралы анықтамасы қоса берілуі тиіс. Өткен айда The News басылымы қажылыққа қатысу үшін 400 000-ден астам адамның тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде 71 000 адам алғашқы жарнаны - ұзақ мерзімді пакет үшін 500 000 рупи (38-42 күн) және қысқа мерзімді пакет үшін 550 000 рупи (20-25 күн) - тіркелген банктер және министрліктің онлайн-порталы арқылы төлеген. Бүгінгі таңда 21 000 астам адамды қажылыққа тіркеу процесін сәтті аяқтады.

0 пікір
Мұрағат