Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Danish Siddiqui / Reuters

Таяу Шығыс аймағындағы қарулы қақтығыс пен Үрміз бұғазының жабылуына байланысты орын алған отын жетіспеушілігінен мәйітті өртеумен айналысатын Үндістандағы крематорилер бірінен кейін бірі жабылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үндістан газды Парсы шығанағы елдерінен сатып алады. Аталмыш аймақтағы ұрыс қимылдарына байланысты әлемдік мұнай мен газдың бестен бір бөлігі өтетін Үрміз бұғазының жабылуынан әлемнің көптеген елдерінде энергетикалық дағдарыс басталып жатыр. Сондай елдердің бірі – Үндістан. Отын қоры таусылуға жақын Үндістанда мейрамханалар, қонақүйлер, т.б. отын тапшылығын тарта бастады. Крематория инженері Маниша Шекаткардің айтуынша, мәйітті мұздатып сақтайтын орындар толып жатыр. Мәйіттер тау-төбе болып жиналуына жол бермес үшін электрлі пешті пайдалануға тура келген. Бұдан бөлек, мәйіттерді ағашпен өртеуге рұқсат етілген. Газдың жетіспеушіліген орын алған энергетикалық дағдарысты еңсеру үшін билік жергілікті мейрамханаларға ас-ауқатты қоршаған ортаға зияны көп көмірмен, ағашпен, керосинмен пісіруге рұқсат берген. Бір ғана Мумбай мегаполисіндегі мейрамханалардың шамамен 20%-ы жұмысын тоқтатқан, тағы 50%-ы жабылу алдында тұр.

0 пікір
Мұрағат