Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды
2 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі тұрғындарға қайтыс болған туыстарының мәйітін көп қабатты үйдегі пәтерде жерлеуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Наурыз соңғы күнінде қолданысқа енетін жаңа заң кейінгі кезде кеңінен тараған жат әдетке тосқауыл қоюға бағытталған. Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, Қытайда өмірден озған туыстарының мәйітін жерлеу үшін қаза тапқан адамның отбасы пәтер сатып алады. Қоғам денсаулығына қауіп төндіретін, яғни, індет таратуы мүмкін мұндай жат әдеттың таралуына халықтың қартаю процесінің қарқын алуы мен дүние салған адамдарды ақтық сапарға шығарып салатын мазардағы жер бағасының шектен тыс шарықтап кеткені себеп болған. Оеың үстіне, бейіттегі “алақандай” жер телімінен салыстырғанда пәтердің құны арзанға түседі. Өйткені, Қытайда жылжымайтын мүлік бағасы құлдырап кеткен болатын. Осындай факторларға байланысты “мәйітке арналған пәтер” ұғымы пайда болып, бүгінде ел арасында кеңінен танымал жерлеу ғұрпына айналған. Осы орайда SunLife компаниясының келтірген дерегіне жүгінуді жөн көріп отырмыз: 2020 жылы Қытай жерлеу ақысы қымбат елдер рейтингісінде екінші орыннан көрінген еді. Мәйітті ақтыққ сапарға шығарып салу шығыны орташа есеппен 37,4 мың юан (5,4 мың доллар). Бұл көрсеткіш Қытай тұрғындарының орташа жылдық табысының 45 пайызын құрайды. Билік қанша жерден тыйым салса да мәйітті пәтерге жерлеу әдеті тыйылмай тұр.

0 пікір
Мұрағат