|
Маймылдар қымбаттайды...
|
Африка құрлығының шығысындағы аралдардың бірінде орын тепкен шағын мемлекет – Маврикия экономикасындағы маңызды рөл ойнайтын маймылдың бағасы шарықтап өсуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың пәрменімен қабылданған немесе жарлығымен белгіленген тариф саясаты себеп болмақ. Дәлірегі, маврикалық макактың құны 40%-ға дейін көерілуі ықтимал. Маврика аумағында шамамен 35 мың макака маймылы бар, бұған қоса, торда тағы он мыңдайы қамауда немесе бостандығы шектелген. Мұндай маймылдарды туристердің ермегі мен қызығы үшін ұстап отыр. Маврикия жаһандық биомедициналық зерттеулер үшін жыл сайын он мыңнан аса маймылды экспорттайды. Мәселен, бір ғана Америка құрама штаттары мен Еуропаға жылына 10 мың маймылға дейін экспорттайды. АҚШ-қа маврикалық маймылдар фармацевтикалық компаниялардың клиникалық сынақтары үшін экспортталады. Маврикия 2023 жылы америкалық фармацевтикалық зерттеулердің маймылдарға қажеттілігінің 60% -ын қамтамасыз етті және өткен жылы 13 484 маймылды экспорттады. АҚШ президентінің Маврикияға тарифтік мөлшерлемесі 40 пайызды құрайды және Африкадағы ең жоғары тарифтердің бірі. Жоғары тариф, сондай-ақ, аталған африкалық елдің басқа да екі негізгі экспорттық тауары - қант пен тоқыманы сатуға кері әсерін тигізеді. Маврикия маймылдарды сатудан түскен табысы өткен жылы он жыл бұрынғы 20 миллионмен салыстырғанда 86,6 миллион долларға жеткен. Маврикияның агроөнеркәсіптік кешен министрі Арвин Буллел келтірген дерекке қарағанда, маймыл бағасы 2014 жылғы 2 236 доллардан бүгінде 6 425 долларға дейін қымбаттаған. Арал мемлекеті әрбір экспортталған маймылдан 200 доллар табыс табады және бұл қаражатты табиғатты сақтау жөніндегі бастамалар үшін пайдаланады. Маврикияның биологиялық әралуандылығы тұрғынысынан келсек, макак маймылы инвазивті түрге жатады және жергілікті шаруа қожалықтары мен тұрғындарыға қауіп төндіреді. Макактар (Macaca fascicularis), сондай-ақ, крабоидты макактар ретінде белгілі, планетадағы ең бейімделгіш маймылдардың бірінен саналады. Құйрығы денесінің ұзындығынан асып түсетін бұл жануар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ылғалды жунглиден урбандалған ортаға дейінгі түрлі экожүйелерді бағындырды. Әлеуметтік және иерархиялық құрылым бойынша тіршілік етеді – бір үйірде 30 майылға дейін болады. Ым-ишара, дауыстап тілдеседі. Өзінің шағын дене бітіміне (3-8 кг) қарамастан, маймылдыңң бұл түрі қарапайым құралдарды пайдалана отырып және жабайы табиғатта күрделі міндеттерді шеше алатын қабілетке ие. Жүзе алатын қабілетке ие. Бұл қабілет оларға су кедергілерін еңсеруге және теңіз түбінен қорек жинауға мүмкіндік береді. Олардың рациондары әр алуан: жемістерден, тұқымдардан және жәндіктерден моллюскаларға, шаяндарға дейін, тіпті, ұсақ омыртқалы жануарларға дейін тұтынады. Мұндай ерекшелік те макактың кез келген ортада аштан өлмей аман қалуына көмектеседі.