|
Мәжбүрлеу шарасы: полицияға құпия мәліметтерді оқуға рұқсат етіледі
|
Швецияның әділет кеңесі үкіметтің мәжбүрлеу шарасы ретінде құпия мәліметтерді оқу туралы ұсынысын қабылдады. Бұл жайында шведтердің Dagens Nyheter ақпарат көзі хабар таратты. «Үкіметтің ұсынысы заңнама негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін»,- деп мәлімдеді скандинавиялық аталған елдің әділет кеңесі. Ендігі жерде швед полициясы иесінен рұқсат сұрамай-ақ немесе арнайы ордер алмай-ақ күдіктінің қалта телефонын, планшетін немесе компьютерін тінте алады, яғни, ондағы мәліметтерді оқуға мүмкіндік алады. Мейлі ол электронды пошта болсын, смс, веб-парақша, фото-сурет пен өзге де файлдарды қарай алады. Қылмыстық із кесу барысында. Сонымен қатар, микрофон, камераны немесе GPS құрылғысын аңдуда керек кезінде пайдалана алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті