|
Малаби президенті ақшаның құнсыздануына байланысты өзіне шетелге шығуға тыйым салды
|
Африка құрлығының шығысында орын тепкен, халқының саны жиырма млн шамасында болатын Малаби мемлекетінің президенті Лазарус Шакбара ақша үнемдеу үшін өзіне және үкімет мүшелеріне халықаралық сапарға шығуға тыйым салды. Бұл шара уақытша, яғни, 2024 жылдың наурыз айына дейін президенттен бастап өзге лауазымды тұлғалар ел аумағынан шыға алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық валютаның, яғни, төл ақшаның құнсыздануына қарсы бар амал-айласы мұнымен ғана шектелмейді – мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі әрі жекелеген тұлғаларға салынатын жеке бас салығы төмендетіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай