|
Мали өзімен санаспаған компаниялардың лицензиясын кері қайтарып жатыр
|
Мали билігі ел аумағынан қазбалы байлықты барлауға берген 90-нан аса рұқсаттың және 21 лицензияның күшін жойды. Соның ішінде жаңа занамада көзделген талаптарды орындамағын үшін халықаралық компаниялардың лицензиясын да кері қайтарып алды. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы аталған елдің тау-кен өнеркәсібі министрі Амаду Кейта қол қойған жарлыққа сәйкес күші жойылған рұқсаттар бойынша барлық құқықтар ел заңнамасында қарастырылған талаптардан ауытқымайтын компаниялар үшін ашық, яғни, Мали үкіметімен қазбалы байлық барлаумен айналысқысы келетін өзге компаниялар келісімшартқаотыра алады. 2015-2022 жылдар аралығында берілген рұқсаттар алтын, темір кені, бокситтер, уран және табтғатта сирек кездесетін жер элементтерін барлауды қамтыды. Мұндай қадам өзге де африкалық елдерде қолға алынып жатыр. Табиғи ресурстарға бақылауды күшейту үшін. Мали – Африка құрлығындағы ең ірі алтын өндіретін мемлекет. Алайда, соңғы жылдары елдегі саяси тұрақсыздық салдарынан тау-кен саласына тартылатын инвестиция мқлшері азайып кеткен.