|
Мәңгі жасыл желектермен көмкерілген 117 метрлік тұрғын үй салынбақ (ФОТО)
|
Инновациялық экологиялық құрылымдармен айналысатын итальяндық сәулетші Стефано Боэри Швейцарияның Лозанна қаласында биіктігі 117 метр болатын тұрғын үй салмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Бұл үй мәңгі жасыл ағаштармен көмкерілген әлемдегі алғашқы ғимарат болады.
La Tour des Cedres ("Кедрлер мұнарасы") деп аталатын 36 қабатты ғимаратта жүзден астам ағаш, 6 мың бұта мен 18 мың түрлі өсімдіктер өсетін болады. Жалпы көлемі үш мың шаршы метр жасыл аумақ қамтылмақ.
Өсімдіктер үйді желден, шаң мен шудан қорғайды деп күтілуде.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр