|
Марокко мектептерінде намаз оқудың қыр-сыры оқытылатын болады
|
Мектеп қабырғасында ислам құндылықтарын насихаттау туралы Х әлеуметтік желісіндегі Марокконың білім беру министрі Мұхаммед Сағат Берадтың жазбасын кейбіреулер жаңсақ түсініп, өзгеше жорып жатыр. Десе де бұл жанжалға байланысты күніне оқылатын бес уақыт намаздың мектеп қабырғасында мәжбүрлі түрде оқытылмайтынын, тек ислами білімнің бір бөлігі ретінде оқытылатыны түсіндірілді. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, министр ислами білім қоғамда адамгершілік құндылықтарды нығайту үшін оқытылатынын нақтылады. Бұл құндылықтар Марокконың 2030 жылға дейін білім беру саласындағы стратегиясы аясында мектеп қабырғасында жүзеге асырылатын түрлі пәндер мен іс-шараларға кіріктірілген. Соның ішінде дәрет алудан бастап намаз оқудың шаттары қамтылады. 2016 жылы жаңартылған оқу бағдарламасы пайғамбарлар тақырыбы да қамтылған. Кей білім ошақтарында намазханалар ашылады. Қалаған оқушы намазын оқи алуы үшін. Десе де оқушылардың жасы мен санасына қарай, яғни, дамуына қарай діни құндылықтар бойына сіңіріледі. Осылайша ерте бастан діннен барынша хабардар болып шығуына жағдай жасалады. Ал бұл шара өз кезегінде жат ағымның соңында кетуге жол бермейді. Осы орайда Марокко мұсылмандарының Мәлік мәзһабын ұстанатынын айта кетпекпіз.