Мароккода 13 мыңнан аса үйсіз-күйсізге жағдай жасалады
Мароккода 13 мыңнан аса үйсіз-күйсізге жағдай жасалады
2 күн бұрын 267 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Аталған араб елінің отбасы мен татулықтың әлеуметтік интеграциясы министрлігі “2024-2025 қысы) науқаны кезінде 13 мыңнан аса үйсіз-күйсіз көшеде қалғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құзыретті орган емханалар мен психикалық ауытқуы бар науқастарды күтетін арнайы орталықтарда орын шектеулі екенін мәлімдеді. Ұлттық өзара көмек мекемесі ел бойынша 13 150-ге жуық адамның үйсіз-күйсіз екенін анықтады, соның ішінде 1 780-ге жуығы психикалық ауытқуға ұшыраған, олар паналау орындарында емделіп, тегін ас-ауқатпен қамтамасыз етіліп, психологиялық және әлеуметтік қолдауға ие болған. 2025 жылы министрлік мемлекет есебінен немесе қазынадан 17 811 бенефициарға қызмет көрсететін 186 мекемеге 48,9 миллион дирхам бөлді және 4 100-ден аса адамға шақталған психикалық ауытқуы бар үйсіздерге арналған 31 орталыққа 16,5 миллион дирхам бөлді. 2024 жылы қосымша 11 миллион дирхамға 20 ықшам және жедел көмек бөлімшесін қаржыландырған.

0 пікір
Мұрағат