Мароккода мал басы 32 млн-нан асты
Мароккода мал басы 32 млн-нан асты
3 ай бұрын 750 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, құрғақшылықтан мал басының күрт кеміп кетуіне байланысты Марокконың биыл Құрбан айтта мал шалмағанын (қараңыз: Құрғақшылық жайлаған араб елінде мал басы күрт кеміп барадыМонарх биыл құрбан шалмауға шақырды...) айта кетпекпіз. Қазіргі уақытта аталған араб елінде мал басының 32 832 573-ке жеткені анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл елде ұлттық деңгейде халық санағы жүргізілді. Соның ішінде мал басының саны нақтыланды. Чанақ қорытындысы бойынша төрт түліктің көрсеткіші: 23 158 248 қой (соның ішінде 16 348 449 ұрғашы), 7 474 172 ешкі (соның ішінде 5 293 805 ұрғашы), 2 094 109 ірі қара (соның ішінде 1 556 842 ұрғашы) және 106 044 түйе (соның ішінде 91 432 ұрғашы). Санақ бүкiл ел бойынша мал басының жалпы өскенін көрсетсе де, бұл шара, сондай-ақ, iрi қара мал мен түйенің қалыпты, орташа көрсеткiшпен салыстырғанда шамамен 30% -ға төмендегенін тiркедi. Марокконың ауыл шаруашылық мәліметіне қарағанда, ірі қара әдетте 3-тен 3,2 млн-ға дейін, негізінен COVID-19 пандемиясы кезінде енгізілген шектеулер нәтижесінде қысқарған. Орташа есеппен 150 000 бас түйе құрғақшылыққа байланысты кеміген. Осы статистиканы негізге алған министрлік 2025 жылдың қыркүйек айының аяғынан бастап қой, ешкі және құрғақ сүт импортына кедендік баж салығы мен қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастайтынын хабарлады. Дегенмен, ірі қара малдың импортын тоқтата тұру шарасы ұлттық табынды біртіндеп қалпына келтіру үшін күшінде қалады. Марокко билігі мал басының санын қалпына келтіру әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 млрд дирхам бөлді. Бұл қомақты қаражат малға арналған жем-шөп сатып алуға, асылтұқымды мал басын сақтауға, шопандар мен малшылардың қарызын азайтуға, сондай-ақ, малға екпе салу науқанына жұмсалды.

0 пікір
Мұрағат