|
Мароккодағы ислам
|
Араб әлемінде кәрі құрлыққа жақын оорналасқан Марокконың солтүстік жағалауын Жерорта теңізінің, ал батысын Атлант мұхитының суы шайып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзге араб елдеріндей мемлекеттік құрылымы монархиялық басқаруға негізделген. Мағрыб елі деп те аталады. Жерінің көлемі жағынан 57-ші орын алатын шағын ел тұрғындарының шамамен 98 пайыздан астамы - мұсылмандар. Халқының көп бөлігі, дәлірегі, 92,7 %-ы араб тілінде сөйлейді. Экономикасында ауыл шаруашылығы мен туризм негізгі кіріс көзі ретінде алға шығады. Бұдан бөлек, тоқыма және зергерлік бұйымдар, соның ішінде қолөнер мен кілем өндірісі жақсы дамыған. Берберлер - байырғы тұрғындары. Түрі мәдениет пен өркениеттің көп әсеріне ұшыраған араб әлеміндегі жалғыз мемлекет. Азаматтық, діни және арнайы сот орындары конституциямен бекітілген. Бұл елдің ең басты ерекшеліктерінің бірі - діни жүйесі бір орталыққа бағынады: мемлекет имамдарды оқытады, мешіттерді басқарады, уағыздың тақырыбы мен мазмұнын да мемлекет белгілейді. Соңғы жылдары елдің діни өмірі тек ел ішімен шектелмей Еуропадағы, Африкадағы және Канададағы марокколықтардың діни өміріне де араласады. Осы жүйенің басында әдетте Хабу және Ислам істері министрлігі деп аталатын Қайырымдылықтар және Ислам істері министрлігі орналасқан. 1955 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған министрлік ислам қорларын басқарады, имамдарды тағайындайды және бүкіл ел бойынша мешіттер мен медреселердің қызметін бақылайды. Аталған жүйе, сондай-ақ, уағыздардың ресми тақырыптарын белгілейді және Мароккодағы шамамен 53 000 мешіттерде айтылатын діни жолдауларды мақұлдайды. Бұл министрлік Корол VI Мұхаммедтің тікелей пәрменімен жұмыс істейді: монарх «Діндарлардың қолбасшысы» діни атағына ие. Марокконың діни тамыры - сүнеттік ислам, соның ішінде Мәлік мәзхһабында. Бұл елдегі имамдар мемлекет қызметкері санатында. Діни мәселелерге қатысты шешімдерді Ғұламалардың жоғарғы кеңесі қабылдайды. Марокко заңнамасы бойынша ресми әрі діни пәтуа бере алатын жалғыз құзыретті орын. Діни басқарудың осы күнгі құрылымы 2000-шы жылдары жүргізілген реформа негізінде қалыптасқан: мемлекет діни білім беру ісіне бақылау орнатты, имамның қоғамдағы рөлі жаамағат жетекшісі болумен шектелмей, мемлекет қызметкері ретінде қалыптасты. Діни білімді Мұхаммед ҮІ атындағы институт береді. Бұл жоғары оқу орнының қабырғасында тек марокколық шәкірттер ғана емес, сонымен қатар, Еуропа мен Африканың әр өңірінен келген студенттер де білім алады. Бұл мұндай діни жүйені халықаралық деңгейде ұсынып жүр. 2024 жылы министрлік имамдарды, қариларды және ұстаздарды қоса алғанда, 372 діни тәлімгерді тоғыз елге, атап айтқанда, Францияға, Белгияға, Италияға, Испанияға, Нидерландыға, Румынияға, Швецияға, Данияға және Канадаға жіберді. 2022 жылы министрлік шетелдегі марокқалық жамағатқа арналған мешіттерді басқаратын және діни қызметтерді ұйымдастыратын 18 діни қауымдастыққа шамамен 104 миллион дирхам (шамамен 10 миллион доллар) бөлді. Мемлекет қазынасынан.