Марокконың негізін өсімдік құрайтын материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары әлем нарығында кеңінен танылып келеді
|

Maison de l'Artisan консалтингтік ұйымының есебінде келтірілген дерекке сәйке қолөнерімен күллі әлемде танымал Мароккода өсімдік текті материалдан тоқылған немесе әзірленген бұйымдар нарығы халықаралық деңгейде танылып келеді. Марокколық шеберлер дәстүрлі қолөнерді замануи талғаммен ұштастырып, осындай деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталғған араб елінің ұлттық қолөнер обсерваториясының мәліметінше, өткен жылыы (2024) бұл сектордағы экспорт 101,8 млн дирхамға жеткен. Яғни, жаһандық қолөнер бұйымдары экпортының шамамен 9%-н құраған. Есепте 2019-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық өсу қарқыны 6,9% құрайтыны атап өтілген, бұл көрсеткіш Марокконың қолөнер экономикасындағы сектордың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Испания негізгі экспорттық бағытқа айналды, оған жалпы көлемнің 33% тиесілі болды, одан кейін Франция (19,5%) және Америка құрама штаттары (13,6%), бұл ретте елеулі сұраныс, сондай-ақ, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда және Жапонияда тіркелген. Digimind мониторингтік платформасының малұматы бойынша 2024 жылдың мамыр айынан 2025 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде мароккалық өсімдік негізіндегі бұйымдардың 41 000-нан астам онлайн-ескертулері қадағаланған, олардың 3 100-ден астамы өнімдермен тікелей байланысты. Instagram жетекші платформаға айналды, 56% ескертулер жасап, 11 миллионнан асатын сандық аудиторияға жетті. Клиенттерді қанағаттандыру деңгейі жоғары. Etsy, Amazon Handmade және Bohemia Design сияқты ірі әлемдік платформаларда 900 расталған сауда-саттық сараптамасы қанағаттану деңгейі 91% -ға жеткен. Марокконың өсімдік тектес материалдардан жасалған бұйымы табиғилығымен, экологиялық зиянсыз ерекешелігімен, т.б. артықшылығымен тұтынушыларды тартады.




