|
Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер мәйітханада жұмыс істеумен жазаланады
|
Мас күйінде болатын жол-көлік оқиғасымен күресу үшін Тайланд заң бұзушыларды мастықпен көлік айдау неге әкеп соғатынын өз көздерімен көруі үшін мәйітханада жұмыс істеумен жазалайды. Әсіресе, жол-көлік оқиғасы сәуірдегі тайлық Жаңа жыл атап өтілетін Сонгкран уақытында жиі орын алады. Жеті күн мерекеде әр сағат сайын Тайланд жолдарында статистика бойынша 2,3 адам қаза табады. «Жол ережесін бұзған жүргізушілер сотта айыпты деп танылып, мәйітханаға, ауруханаға жұмыс істеуге жіберіледі», - деп мәлімдеді полициядан. Полицияда заң бұзушылар «тәннің де, жанның да жарақатын» көруі тиіс екенін атап өтті. Олар мәйітхананы тазалап, мүрделерді тасу жұмыстарына тартылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай