Маскүнем священникті қоғамдық көліктен күштеп шығарып тастады (видео)
|

Ресей Федерациясының Свердлов облысына қарасты Төменгі Тагил елді-мекенінде қоғамдық көлікте шу шығарған маскүнем священникті жолаушылар сүйрегендей болып, трамвайдан шығарып жіберді. Священник пен жолаушылардың арасындағы арпалысты қалта телефонына түсіріп алған куәгерлердің бірі артынан таспаға тартып алғанын әлеуметтік желіге жүктеген екен. Священниктің бұл әрекеті қоғамды дүр сілкіндірді десе де болады. Ресей православ шіркеуі маскүнем священникті қызметінен қуды. (Төменгі Тагил епархиясы маскүнем священниктің Покровка ауылдық жерінде православ шіркеуінде қызмет еткенін растады). Бұл жайында «Newsru.com» ақпрат көзі хабар таратты. Қоғамдық көлік жүргізушісінің сөзіне қарағанда, священник қоғамдық көлікте шампан ішкенімен қоймай, шылым шеккен. Өзін тоқтатпақ болған жолаушының үстіне шампан құйып, ойына келгенін істеген. Онымен қоймай, жолаушыларға жұдырық жұмсаған. Жолаушылардың бірі, тіпті, священниктің сақалына жармасқан екен.




