|
Медицинада адал сүйек тіндері дайындалып жатыр
|
Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі «халал» стандарттарына сай келетін сүйек тіндерін жасау жөніндегі эксперименттерді жүргізуді қолдады. Ғалымдардың айтуынша, сүйек трансплантанттары доңыздың емес, сиырдың биоматериалдарынан дайындалмақ. Исламда доңыз етін пайдалануға тыйым салынуы себепті елдегі көп мұсылман қауымы хирургиялық оталардан бас тартады. Зерттеу орталығының директоры Талат Бугур трансплантанттың жануарлар сүйегі мен синтетикалық материалдан жасалатынын жеткізді. Қазір жануарлардың биоматериалынан дайындалатын трансплантант тек АҚШ-та жасалады және құны да тым жоғары. Сонымен қатар ол арам саналатын доңыз сүйегінен дайындалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді